Дайджесттер
Портлет менюі
11 наурыз 2010
АСТАНА. Наурыздың 11-і.  -   Қазақстан  Республикасының Мемлекеттік хатшысы -сыртқы  істер министрі Қанат  Саудабаевтың  наурыздың 10-ы  күні  Астанада   Тәжікстанның   сыртқы істер министрі Хамрохон  Зарифимен болған  келіссөзінің  қорытындысы  бойынша   екі елдің сыртқы саясат  ведомстволарының   арасындағы  ынтымақтастықтың  жоспарына қол  қойылды.

Бұл туралы    сыртқы істер  ведомствосының баспасөз қызметінен хабарлады.

Кездесу  барысында  дипломаттар  екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен  перспективасын,    халықаралық ұйымдар  аясындағы   өзара іс-қимылдарын   талқылады.
Көздері: ҚазАқпарат