18 наурыз 2010
ПАВЛОДАР. Наурыздың 18-і. - Павлодар облысының шаруашылықтарындағы егін егу кешендері көктемгі дала жұмыстарына толық дайын тұр,
деп хабарлады ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы міндетін атқарушы Қайыртай Байтілесов.
Тракторлардың, автокөліктердің, культиваторлар мен басқа да тіркемелердің әзірлігі -91-93 пайыз.
Ағымдағы жылы аймақта 1,1 миллион гектарға тұқым себу жоспарлануда. 684 мың гектар жер - дәнді дақылдарға арналса, 226 мың гектар алқап - майлы дақылдар плантацияларына, 17 мың гектар - картоп пен көкөністерге арналады.
Тұқым материалдары да толық әзір, тұқымдық шаруашылықтарының сұрыптарын жаңарту үшін 5,2 мың тонна таңдаулы тұқымдық сату ұсынылып отыр. Оларды арзандануға республикалық және облыстық бюджеттерден 85 миллион теңге бөлінген. Шаруашылықтар майлы дақылдардың, картоп пен көкөністің тұқымдарымен толық қамтамасыз етілген.
Шаруашылықтарда көктемгі дала жұмыстары үшін 4,2 мың тонна отын жиналып отыр (ал толық қажеттілік -14,8 мың тонна). Шаруашылықтарды дизельдік отынмен «ҚазМұнайГаз» Сауда үйі» қамтамасыз етеді, отынның көтерме бағасы - 55 теңге/литр.
Көздері: ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/
|