Жаңалықтар
Портлет менюі
21/08/2017

Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық конкурсының БАСПАСӨЗ АҚПАРАТЫ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті ү.ж. 21 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қазақстан Халқы тілдері күніне орай Қазақстанның жастары арасында дәстүрлі Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық конкурсын өткізді.
Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық конкурсына еліміздің 14 облысынан және Алматы қаласынан облыстық, қалалық деңгейде өткізілген конкурстардың жеңімпаздары (барлығы 15 үміткер) қатысты.
Республикалық кезеңнің аясында байқауға қатысушылар өз білімдері мен шеберліктерін келесі тапсырмалар бойынша көрсетті:
- қазақтың белгілі жазушыларының көркемдігі жоғары прозалық шығармаларынан үзінді оқыды;
- қазақтың белгілі ақындарының көркемдігі жоғары поэзиялық шығармаларынан үзінді оқыды.
Конкурс жеңімпаздарын әдебиеттанушы ғалымдар, тіл жанашырларынан тұратын қазылар алқасы бағалап, анықтады. Оларды диплом, алғыс хаттар және ірі көлемдегі ақшалай сыйлықтармен марапаттады. Бас жүлдені Кайргелді Гүлзат Русланқызы 300 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталса, 1-орынды иеленген Хайрат Дилда 200 000 теңгені, 2-орынды иеленген Тағабердин Әлібек Мұратұлы 150 000 теңгені, 3-орынды иеленген 2 үміткер Әлібеков Мейіржан Канатбекұлы, Бахатхан Оразбек 100 000 мың теңгені қанжығасына байлады. Конкурсқа белсене қатысқан 2 үміткерге алғысхаттар беріліп, 50 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық алса, қалған үміткерлер қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды. 
Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-04-97, 40-83-97, 8 701-109-76-14