Жаңалықтар
Портлет менюі
15/06/2017

БАСПАСӨЗ АҚПАРАТЫ «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсы


Астана қаласы                       2017 жылғы 16 маусым
                                                Басталуы: сағат 15.00.

Өтетін орны: Астана қаласы, «Қазанат» Ипподромы аумағында орналасқан «Этноаул» ұлттық-мәдени кешені.


 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің
Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау белсенділігін арттыру мақсатында журналистер күніне орай 2017 жылғы 16 маусымда
«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімін өткізеді.
 Конкурстың ережесіне сәйкес 2016 жылғы 10 маусым мен 2017 жылғы
5 маусым аралығында журналистердің ел аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мемлекеттік тілдің қызмет ету аясын кеңейту, мәртебесін нығайту және қазіргі мемлекеттік тілдің ахуалы туралы мақалалары, эфирге шыққан хабар және бағдарламалары «Үздік мақала», «Үздік телебағдарлама», «Үздік радиобағдарлама», «Үздік сайт мақаласы» номинациялары бойынша бағалануы тиіс.
Конкурсқа келіп түскен материалдарды елімізге белгілі қаламгер, журналистерден құрылған арнайы қазылар алқасы сараптап, жеңімпаздарды анықтайды. Ағымдағы жылы журналистер тарапынан 100-ден аса материал ұсынылды.
 Марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының құттықтау сөзімен ашылады.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, зиялы қауым, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, конкурстың жүлдегерлері және т.б. қатысады. Марапаттау салтанатында елімізге танымал әртістер өз өнерлерін көрсетеді.
Байланыс телефоны.: 8 (7172) 74-09-85, 74-14-97, 74-05-01,
74-05-03, 40-83-67, 8-702-478-97-03, 8-702-376-84-00.