Жаңалықтар
Портлет менюі
31/07/2018

Баспасөз парағы

 

30 маусым 2018 ж. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті ағымдағы жылдың екінші тоқсанында Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 558 мемлекеттік қызметші қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен білімдерін жетілдірді деп хабарлайды.

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы арасында өзара түсіністік туралы келісім аясында жүргізіліп отыр.

Академия базасында 22 орталық атқарушы органдардан
558 тыңдаушыға оқыту семинарлары өткізілді. Оның ішінде 498 тыңдаушыға «Мемлекеттік қызметшінің тілдік құзыреттілігін арттыру» және Қазақстан Республикасы Сыртқы істері министрлігінде 60 тыңдаушыға «Ресми жазылым және мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» тақырыптары бойынша семинарлар өтті.

Семинарлар тыңдаушыларды қазақ тілінің ресми стиліндегі оқылым, тыңдалым, жазылым, сөйлесім әрекеттерін кәсіби салада қолдана алуға бейімдей отырып, олардың талқыланатын тақырыптарға сыни көзқарастары мен қазақ тілі бойынша тілдік құзыреттіліктерін қалыптастырды.

Семинарлар интерактивті дискуссия, интерактивті тренингті сабақ түрінде жүргізілді.

Семинарларда Қазақстан Республикасының экономикалық, саяси, дипломатиялық және т.б. салаларының бірқатар маңызды мәселелерін талқылау арқылы тыңдаушылардың тиісті сөздік қорларын, сонымен қатар күрделі грамматикалық құрылымдарды меңгеруін жетілдіру үшін түрлі жаттығулар ұсынылды.

Аталмыш семинарлар тыңдаушылардың қазақ тілінде тұжырымдар жасай алу біліктіліктерін дамытады,  ақпараттық материалдарды күнделікті жұмыстарында кеңінен қолдана алуға бағыттайды және мемлекеттік бағдарламалар мен ресми құжаттарға аналитикалық талдаулар жасаудың, сондай-ақ сөз мәдениетінің сапалық талаптарын игерте отырып, ресми ортада көпшілік алдында сөйлеудің, іскерлік риторика тәсілдерін практикалық жолдармен игертеді.

Семинар сабақтарын жоғары білімді, сондай-ақ, ғылыми дәрежелері бар, мемлекеттік тілді оқытуда тәжірибелі, білім беру ұйымында тұрақты жұмыс істейтін мамандар жүргізді.

Оқуды аяқтаған тыңдаушыларға біліктіліктерін арттырғандығы жөнінде сертификаттар табысталды.