Жаңалықтар
Портлет менюі
07/11/2018

«Текті сөздің төресі – терме» республикалық жыршы-термешілер байқауының
БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ


Өткізілетін орны: Тараз қаласы, Төлеби көшесі, 89,  «Баласағұн» орталық концерт залы
Өткізілетін уақыты: 2018 жылғы  9 қараша, сағат – 18:00


Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «Текті сөздің төресі- терме» республикалық жыршы-термешілер байқауын өткізеді.
Байқауда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының мазмұнын ашатын  шығармаларды еліміздің 14 облысынан және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан бір-бір үміткерлер орындап, өз бақтарын сынайды.
Ұлттық тәрбие мен халықтық өнерді насихаттауға бағытталған бұл байқаудың басты мақсаты жаңа жыр-термелерді тудыру арқылы жыршылық, термешілік өнерге жаңаша серпін беру және әдеби тілді дамытуға, тіл мәдениетін жетілдіруге үлес қосу.
Іс-шараға Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты қызметкерлері, өнертанушылар, жыршы-термешілер, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.
Байқауда жыршы-термешілермен бірге танымал әншілер өнер көрсетеді.


Байланыс телефоны: 87017108980