Жаңалықтар
Портлет менюі
08/10/2018

«Жексенбілік мектептерде қазақ тілі мен ұлттық (ана) тілдері жеделдете оқытудағы өзекті мәселелер»

республикалық ғылыми-әдістемелік семинар, тренингтің

 

БАСПАСӨЗ АҚПАРАТЫ

 

Өтетін орны: Алматы қаласы, «Достық үйі» ғимараты

Өтетін уақыты: 2018 жылғы 16 қазан, сағат 10.00

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті және «Мемлекеттік тілді үйрету элиталық курсы» мәдени мекемесі 2018 жылғы 16 қазанда Алматы қаласының «Достық үйі» ғимаратында «Жексенбілік мектептерде қазақ тілі мен ұлттық (ана) тілдері жеделдете оқытудағы өзекті мәселелер»  республикалық ғылыми-әдістемелік семинар, тренинг өткізеді. 

Семинардың  мақсаты – жексенбілік мектептерде қазақ тілі мен ұлттық (ана) тілдері жеделдете оқытудағы өзекті мәселелерді анықтау, шешу жолдарын табу, озық тәжірибені зерделеу және қорыту, оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын тәжірибеге енгізу.

Семинарға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы, қызметкерлері, әдіскер ғалымдар, тіл мамандары, республикалық этномәдени бірлестіктерінің басшылары, этномәдени бірлестіктерінің жанындағы жексенбілік мектептерінің мұғалімдері, «Мемлекеттік тілді үйрету элиталық курсы» мәдени мекемесінің    оқытушылары мен  әдіскерлері қатысады.

Семинар барысында әдіскер-ғалымдар мемлекеттік және өзге де ұлт өкілдерінің тілдерін оқытудың тиімді технологиялары мен әдіс тәсілдерімен бөліседі. Этномәдени бірлестіктерінің жанындағы жексенбілік мектептерінің үздік  мұғалімдері панорамалық және шеберлік сабақтарын көрсетеді.


Байланыс телефондары: +7 701 355 6412, +7 705 950 5949