Жаңалықтар
Портлет менюі
10/09/2018

Пост релиз


Қостанай  қаласы      2018  жылғы  4-5 қыркүйек

 

Өткен орны: Қостанай қаласы, А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

Ағымдағы жылдың 4-5 қыркүйек күндері Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті және Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстан Халқы тілдері күніне орай алғаш рет Оқытушылар арасындағы А.Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқау өткізді. 
Байқаудың мақсаты – оқытушылардың оқыту шеберлігін насихаттау, ересектерге мемлекеттік тілді оқытып жүрген шығармашылықпен айналысатын оқытушыларды анықтау, қолдау, оқытушылардың кәсіби-педагогикалық шығармашылығын және мемлекеттік тілді оқыту үдерісін ынталандыру, озық тәжірибелерді тарату.
Шара ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптың тұсаукесерімен басталды.
Екі күнге созылған шара барысында республикамыздың 14 өңірінен келген қатысушылар бірінші күні тәжірбиелік сабақ үлгісін көрсетсе, екінші күні педагогикалық-психологиялық жағдаяттардың тиімді шешімдерін тауып, сондай-ақ, электрондық портфолиоларын таныстырады.
 Республикалық байқау жеңімпаздарын әдіскер-ғалымдардан құралған қазылар алқасы анықтады.
Жеңімпаздар ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің алғысхаттармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Ынталандыру сыйлығы Баянауыл ауданынан келген Танат Ахатов пен атыраулық Гүлайым Ұғыбаеваға бұйырды. Ал жүлделі 3-орынды Алматыдан келген Шолпан Әбділда мен аралдық Перизат Ізбасарова иеленді. 2-орынды Батыс Қазақстан облысынан келген Әділхан Сұлтанов алды. 1-орын қостанайлық Тоты Айтмағанбетоваға бұйырса, ал бас жүлдені қарағандылық шебер оқытушы Динара Қуанбаева иеленді.

      
Контактные телефоны: 8 (7172) 74-99-11, 27-71-38