Жаңалықтар
Портлет менюі
12/09/2018

АНОНС
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті Қазақстан Республикасы Қазақстан халқы тілдері күніне арналған Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық конкурсын өткізеді


Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті үстіміздегі жылғы 14 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қазақстан Халқы тілдері күніне орай дәстүрлі Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық конкурсын өткізеді.
Конкурстың мақсаты – қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөздік қорын насихаттау, Абай және басқа да қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларын орындау арқылы қазақтың көркем әдебиетіне жастардың ықыласын арттыру болып табылады.
Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық конкурсына еліміздің облыстарында және Алматы қаласында өткізілген өңірлік конкурстардың 17 жеңімпазы қатысады.
Конкурс жеңімпаздары дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталады.