Жаңалықтар
Портлет менюі
12/09/2018

Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің
республикалық конкурсының

БАСПАСӨЗ АҚПАРАТЫ


Өтетін орны:                                     Петропавл қаласы,
          Кеншибаев көшесі 22, Жастар сарайы
Өтетін уақыты:    2018 жылғы 14 қыркүйек, сағ.: 10.30


Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің
Тіл саясаты комитеті 2018 жылғы 14 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қазақстан Халқы тілдері күніне орай Қазақстанның жастары арасында дәстүрлі Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық конкурсын өткізеді.
Конкурс мақсаты - мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру және талантты жастарды табу, Абай және басқа да қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларын орындау арқылы қазақтың көркем әдебиетіне қазақтың тілі мен мәдениетіне деген ықыласын арттыру.
Аталған конкурсқа Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен облыстың 17 қатысушы қатысады. Конкурс мынадай тапсырмалардан тұрады:
- қазақтың белгілі ақындарының көркемдігі жоғары прозалық шығармаларынан үзінді оқу.
- Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына орай поэзиялық шығармаларынан үзінді оқу;
Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша ғалымдар, тіл мен әдебиет салаларының зиялы қауым өкілдері, педагогика, еңбек сіңірген мәдениет және өнер қайраткерлері анықтайды.
 Жеңімпаздар арнайы дипломдармен, алғысхаттармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-04-97, 8701-451-14-17