Жаңалықтар
Портлет менюі
13/11/2018

Текті сөздің төресі – терме


Бүгін Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми–практикалық орталығының  ұйымдастыруымен «Текті сөздің төресі- терме» республикалық жыршы-термешілер байқауы өтті.
Байқауда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының мазмұнын ашатын  еліміздің 14 облысынан және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан келген  үміткерлер шығармалар орындап,  бақтарын сынады.
Ұлттық тәрбие мен халықтық өнерді насихаттауға бағытталған бұл байқау  жыр-термелер арқылы жыршылық, термешілік өнерге жаңаша серпін беру және әдеби тілді дамытуға, тіл мәдениетін жетілдіруге жаңаша серпін берді.
Байқаудың  Бас жүлдсі  Қызылордалық  Күнсұлу Түрікпенге , бірініші  орын Батыс Қазақстан облысы  Күляш Қуанышқалиеваға,  екінші орын  Қарағанды облысынан қатысқан Нұрмұхаммед Байсүгіровке , ал үшінші орынға Павлодар облысының термешісі  Оразбек  Бахатхан  және   Маңғыстау облысының өкілі   Манаш        Әдімбаев  ие болды.
Іс-шараға Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты қызметкерлері, өнертанушылар, жыршы-термешілер, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Байқауда жыршы-термешілермен бірге танымал әншілер өнер көрсетті.