Жаңалықтар
Портлет менюі
13/12/2018

Анонс


Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті құқық қорғау органдары арасында «Үздік қызметкер» республикалық конкурсын ү.ж. 13 желтоқсан күні сағат 14.00 Астана қ. Тәуелсіздік көшесі 50, Қазақ Ұлттық Өнер университетінің ғимаратында өткізеді.
Конкурстың негізгі мақсаты құқық қорғау органдары арасындағы мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, мемлекеттік тілде сөйлеу мәнері мен шеберліктерін шыңдау, оны оқып үйренуге және қызметте қолдануға деген қызығушылықты арттыру, сондай-ақ патриоттық тәрбиені жандандыру.
Конкурсқа құқық қорғау, арнайы және басқа да мемлекеттік органдар қызметкерлерінен құрылған командалар қатысады. Әрбір команда 5 адамнан тұрады, оның бірі өзге ұлт өкілі болып табылады.
Конкурс екі кезеңнен тұрады: бірінші кезең – таныстыру және бейнебаян, екінші кезең - «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» тақырыбындағы жағдаяттық сахналандырылған көрініс.
Конкурс жұмысын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы, Қоғамдық даму министрлігі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының өкілдері мен ғалымдардан тұратын арнайы қазылар алқасы бағалайды.


Байланыс телефондары: 74-01-35, 74-14-97.