Жаңалықтар
Портлет менюі
17/09/2018

Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық конкурсының

БАСПАСӨЗ АҚПАРАТЫ


Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті ү.ж. 14 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында Қазақстан Республикасы Қазақстан Халқы тілдері күніне орай Қазақстанның жастары арасында дәстүрлі Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық конкурсын өткізді.
Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық конкурсына еліміздің Астана, Алматы және Шымкент қалалық және облыстық деңгейде өткізілген конкурстардың жеңімпаздары қатысты. (барлығы 17 үміткер) қатысты.
Республикалық кезеңнің аясында байқауға қатысушылар өз білімдері мен шеберліктерін келесі тапсырмалар бойынша көрсетті:
- қазақтың белгілі жазушыларының көркемдігі жоғары прозалық шығармаларынан үзінді оқыды;
- қазақтың белгілі ақындарының көркемдігі жоғары поэзиялық шығармаларынан үзінді оқыды.
Конкурс жеңімпаздарын әдебиеттанушы ғалымдар, тіл жанашырларынан тұратын қазылар алқасы бағалап, анықтады. Оларды диплом, алғыс хаттар және ірі көлемдегі ақшалай сыйлықтармен марапаттады. Бас жүлдені Бекбосынова Сая Серікқызы 250 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталса, 1-орынды иеленген Қожанова Алтын Қанатқызы 150 000 теңгені, 2-орынды иеленген Өмірбекова Құлпынай
100 000 теңгені, 3-орынды иеленген 2 үміткер Еркежан Төлеубек, Жанарбек Секел 75 000 мың теңгені қанжығасына байлады. Конкурсқа белсене қатысқан
2 үміткерге алғысхаттар беріліп, 50 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық алса, қалған үміткерлер қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды. 
 Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-04-97