Жаңалықтар
Портлет менюі
22/11/2018

«Терминологияның өзекті мәселелері» атты
 республикалық әдістемелік семинарының
БАСПАСӨЗ  ПАРАҒЫ


Астана  қаласы                                                       2018 жылғы 23 қараша


Өтетін орны: Астана қаласы, Достық 11, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы, Конституция залы


Басталуы: сағат 10.00.  


Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе отырып, Астана қаласында 2018 жылғы 23 қарашада «Терминологияның өзекті мәселелері» атты республикалық әдістемелік семинар өткізеді. Семинар көрнекті жазушы, аудармашы, терминжасам зергері Ісләм Жарылғаповтың 100 жылдық мерейтойына орайластыра  ұйымдастырылып отыр.
Семинарда Қазақстан Республикасында Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Аппараты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аппараты, Қазақстан Республикасы министрліктерінің жетекші мамандары арасында қазақ терминологиясының қордаланған мәселелері талқыланады. Сондай-ақ Ахмет Байтұрсынұлының терминжасам қағидаларын жалғастырған сөз зергері Ісләм Жарылғапов тәжірибесінің қыр-сыры ашылады. 
Аталған әдістемелік семинарда қазіргі терминжасам бағыттары айқындалып, терминдерді бірізділендірудің халықаралық және отандық тәжірибелері  зерделенеді.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясының мүшелері, лингвист-ғалымдар, БАҚ өкілдері, орталық атқарушы органдардың жетекші мамандары, ұлттық компаниялар мен акционерлік қоғамдардың мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізуге жауапты қызметкерлері қатысады. 


Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-01-35, 8-707-337-94-94; 8-701-675-26-60