Жаңалықтар
Портлет менюі
23/10/2018

«Тілдарын» республикалық олимпиадасының
БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ


Өтетін орны:   Астана қаласы, Тәуелсіздік дағылы:33 «Аланда» қонақ   
                           үйінің  конференц-залы, 1- қабат.

Басталуы: 2018 жылғы  19 қазан, сағат: 10.00
   
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі  Тіл саясаты комитетінің «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» , «Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында үш тілді жетік білетін жастар арасында «Тілдарын» республикалық олимпиадасын өткізді.
Байқаудың мақсаты: үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көптілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу.
Олимпиадаға облыстық және қалалық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары болған, 18-22 жас аралығындағы жастар қатысады.
Олимпиаданың үш кезеңінде үміткерлердің қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде берілген тақырыптардың мазмұнын ашу, үш тілде сауатты сөйлеу және мәтіндерді ағылшын және орыс тілінен қазақ тіліне аудару кезінде орфоэпиялық сауаттылығының сапалық деңгейі бойынша білімдері ескерілді.
Қазылар алқасының шешімімен Олимпиаданың бас жүлдесі Қарағанды облысының үміткері Савин Никита Сергеевичке бұйырды. Бірінші орын  Батыс Қазақстан облысынан Даулетова Мөлдір Қуатқызы, екінші орын Астана қаласынан Тоқтаров Нұрлыбек Нұржігітұлы жеңіп алды. Үшінші орындарға Қызылорда және Шығыс Қазақстан облысының үміткерлері Көбесова Айя Талғатқызы және Әнуарбекова Ажар Айдынқызы ие болды. Сондай-ақ Ақмола облысынан Қанағатова Мерей Мұратбекқызы және Алматы облысынан Молдакулова Алтынай Қалибекқызына ынталандыру сыйлықтары бұйырды. Барлық жеңімпаздар диплом, алғысхат және бағалы сыйлықтармен марапатталады.


Байланыс телефондары: 8(7172) 40-83-93, 8 708 923 41 64