Жаңалықтар
Портлет менюі
23/10/2018

БАСПАСӨЗ АҚПАРАТ
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
Тіл саясаты комитеті
Мемлекеттік тілді үйрету элиталық курсы
мәдени мекеме


«Жексенбілік мектептерде қазақ тілі мен ұлттық (ана) тілдері жеделдете оқытудағы өзекті мәселелер» республикалық ғылыми-әдістемелік семинар, тренинг өткізді.


Өтетін орны: Алматы қаласы, «Достық үйі» ғимараты


Өтетін уақыты: 2018 жылғы 16 қазан, сағат  10.00


2018 жылғы 16 қазанда Алматы қаласының «Достық үйі» ғимаратында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті және «Мемлекеттік тілді үйрету элиталық курсы» мәдени мекемесінің  ұйымдастыруымен «Жексенбілік мектептерде қазақ тілі мен ұлттық (ана) тілдері жеделдете оқытудағы өзекті мәселелер» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинар, тренинг өтті. 
Семинарға Алматы облысы, Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Павлодар облысы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Шымкент қаласынан барлығы 72 адам қатысты. Олар -  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің өкілі, әдіскер ғалымдар, тіл мамандары, республикалық этномәдени бірлестіктерінің басшылары, этномәдени бірлестіктерінің жанындағы жексенбілік мектептерінің мұғалімдері, «Мемлекеттік тілді үйрету элиталық курсы» мәдени мекемесінің    оқытушылары мен  әдіскерлер. 
Талқылау барысында жексенбілік мектептерде қазақ тілі мен ұлттық (ана) тілдерді жеделдете оқытудағы өзекті  мәселелері сөз болды. Тілді оқытудың тиімді технологиялары мен әдіс тәсілдерімен бөлісті. Этномәдени бірлестіктерінің жанындағы жексенбілік мектептерінің әдіскерлер мен оқытушылары тәжірибелерімен бөлісіп, шеберлік сабақтарын көрсетті.
Тіл саясаты комитетінің сарапшысы   Г. Маданова өз сөзінде алдыңғы қатарлы тәжірибелерді ескере отырып қазақ және басқа да тілдерді үйрету әдістемесін жетілдірудің  маңызы зор екенін атап өтті. Сонымен қатар этномәдени бірлестіктерінің жанындағы жексенбілік мектептерінің тілдерді үйретудің қолда бар тәжірибесін сақтау қажеттігін айтып өтті.


Байланыс телефондары: +7 701 355 6412, +7 705 950 5949