Жаңалықтар
Портлет менюі
28/09/2018

«Жаһандану жағдайындағы тіл үйретудің инновациялық әдіс-тәсілдері» 
республикалық семинарының

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ


       Өтетін орны: Қызылорда қаласы, Ұлттық тестілеу орталығы
       Өтетін уақыты: 22018 жылғы 4 қазан, сағат 10.00


Қазақстан Республикасы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің  Тіл саясаты комитеті 2018 жылдың 4 қазан күні «Жаһандану жағдайындағы тіл үйретудің инновациялық әдіс-тәсілдері» республикалық семинар өткізеді. 
Семинардың мақсаты – мемлекеттік тілді оқытудың әдістемесін жетілдіру, озық тәжірибені  зерделеу және қорыту, оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін тәжірибеге енгізу, заманауи мультимедиялық технологияларды қолданудың әдіс-тәсілдерін үйрету, латыннегізді қазақ тілінің емле ережелерін үйретуде жаңашыл технологияларды қолдану әдістерін таныстыру.
Аталған шараға Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен облыстардан мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлері қатысатын болады. 
Шара барысында Тілдерді оқыту орталықтары мен республиканың үздік әдіскерлері тіл үйретудің тиімді сабақ үлгілерін көрсетеді, латыннегізді жазудың жаңа емлесін оқытудың тиімді технологиялары және әдіс-тәсілдерімен бөлісетін болады. Семинарға қатысушы оқытушылар мен әдіскерлер өзара тәжірибе алмасады.


Байланыс телефондары: 8(7172) 40 83 67,  74 08 77