Жаңалықтар
Портлет менюі
29/08/2018

Оқытушылар арасындағы А.Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқауының
БАСПАСӨЗ АҚПАРАТЫ

Қостанай  қаласы      2018  жылғы 4-5 қыркүйек


Өтетін орны: Қостанай қаласы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Басталуы:  сағ: 10.00
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысы бойынша «Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 4-5  қыркүйек күндері Қазақстан Халқы тілдері күніне орай алғаш рет оқытушылар арасындағы А.Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқауын өткізеді.
Байқау ересектерге мемлекеттік тілді оқытып жүрген шығармашылықпен жұмыс жасайтын оқытушыларды анықтауды, оқытушылардың кәсіби-педагогикалық шығармашылығын және мемлекеттік тілді оқыту үдерісін ынталандыруды және озық тәжірибелерді таратуды көздейді.
Шара барысында қатысушылар тәжірибелік сабақ үлгісін көрсетіп, педагогикалық-психологиялық жағдаяттардың тиімді шешімдерін тауып, сондай-ақ, электрондық портфолиоларын таныстырады.
Аталған шараға Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен облыс оқытушылары қатысады. 
Республикалық байқау  жеңімпаздарын әдіскер-ғалымдардан құралған қазылар алқасы анықтайды. Жеңімпаздар арнайы дипломдар, алғысхаттармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

      
Контактные телефоны: 8 (7172) 74-99-11, 27-71-38