Жаңалықтар
Портлет менюі
08/06/2018

Түркі жазбалары күндері бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы аясында 2017 жылғы 27 сәуірде Қызылорда қаласында Түркі жазбалары күндері атап өтті.
Аталған іс-шара аясында «Рухани жаңғыру және байырғы түркілік руханият» атты түркі жазбалары күніне арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Республикалық ғылыми-практикалық конференция ұлттық-рухани тамырдан нәр алған ұлттық жаңғырудың қайнары - түркі жазуының өткені мен бүгінін зерделеуді мақсат етті. Конференцияда Е.Құлбек, Е.Саурықов, Ш.Жалмаханов, Ш. Бекмағанбетов сынды  және т.б. түркітанушы ғалымдар түркі жазба мұраларын зерттеуде соңғы жылдары қол жеткізген ғылыми табыстарды баяндап, түркі жазбаларын зерделеудегі өзекті мәселелерді шешудің тиімді жолдары қарастырды.
Іс-шара түркі әуендеріне арналған концертпен аяқталды.
Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға отандық түркітанушы-ғалымдар, қоғамдық және гуманитарлық бағыттағы ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері, ЖОО-ның оқытушы-профессорлары, жас зерттеушілер, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты.