Жаңалықтар
Портлет менюі
07/11/2015
«Бұқаралық ақпарат құралдары және тіл мәдениеті» атты семинар- тренингінің БАСПАСӨЗ  ПАРАҒЫ

   Астана  қаласы                                                        2015 жылғы 11 қараша

Өтетін орны: Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы, «Конституция» мәжіліс залы

Басталуы:  сағат – 10.00

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29  маусымдағы №110 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағытындағы «Тіл мәдениетін жетілдіру» тармағына сәйкес  халықтың айнасы һәм құлағына айналған тілшілердің сөйлеу мәдениетін, сөз жүйесін жетілдіру және сөздік қорын толықтыру негізінде «Бұқаралық ақпарат құралдары және тіл мәдениеті» атты семинар-тренинг өткізеді.
Семинар-тренингтің мақсаты: халықтың мұң-мұқтажын, жыры мен сырын үнемі жарыққа шығарып, үздіксіз байланыс орнататын БАҚ өкілдері, оның ішінде телеарна, радио тілшілерімен кездесу ұйымдастырып, олардың сөздік қорын,  сөз саптауын, тіл мәдениетін жетілдіру болып табылады.
Семинар-тренингте кәсіби мамандар дәріс оқып, шеберлік сабақтарын көрсетеді. Семинарға қатысқан тілшілерге сертификат табысталады.


Ұйымдастыру комитеті
Байланыс телефондары: 8 (7172) 40 83 93, 87013198887, 87018975047