Жаңалықтар
Портлет менюі
06/11/2015
Славян жазбалары мен мәдениеті күніне арналған мерекелік іс-шараның БАСПАСӨЗ-ПАРАҒЫ

Өтетін орны: Астана қаласы                     Өткізілетін уақыты:
Ресей ғылым және мәдениет                       2015 жыл, 20 мамыр,
орталығы, Кенесары көш.39                        сағат 10:00-де

Қалыптасқан дәстүр бойынша Қазақстан халқы славян жазбалары мен мәдениеті күндерін жыл сайын 24 мамыр күні атап өтеді.  Славян жазбалары мен мәдениеті күндерінде республиканың көптеген аймақтарында дөңгелек үстел, конференция, концерт, кітап көрмесі, әртүрлі байқаулар мен викториналар ұйымдастырылады.
Осыған орай, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Ресей ғылым және мәдениет орталығында ағымдағы жылдың 20 мамыр күні сағат  10:00-де «Ғасырлар тоғысындағы славян және түркі халықтары: тілі, мәдениеті, жазбалары» атты тақырыбында халықаралық «дөңгелек үстел» өткізді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – ғасырлар тоғысындағы славян және түркі халықтарының тығыз қарым-қатынасы, орыс және басқа да славян тілдерін үйрету саласында қалыптасқан тәжірибе алмасулар, Қазақстанның этномәдени кеңістігінде славян тілдерін сақтау мен дамытудың түрлі аспектілері төңірегіндегі пікір алмасулар.
Дөңгелек үстел отырысында қазақстандық және шетелдік жетекші ғалымдардың славян зерттеулері, әлеуметтану, лингвомәдениет, аударма саласындағы баяндамалары тыңдалды.
Дөңгелек үстелге ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің төрағасы                               Д. Таумұрат, Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясы елшілігінің кеңесшісі Е. Лысенко, Қазақстан Республикасындағы Беларусия Республикасы елшілігінің бірінші хатшысы В.Сверчков, Болгария Республикасының Қазақстан Республикасындағы өкілетті министрі И. Генов және т.б. қатысты.
Ресей мемлекеті Мәскеу қаласының В. Виноградов атындағы орыс тілі институтының аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты А. К. Шапошников, Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің шетел тілі кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Ж. Ә. Әбуов, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты М. Ж. Шаймерденова, Қ. И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің орыс тілі кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы С. Ж. Баяндина және т.б ғалымдар славян және түркі жазбалары аясында зерттеп жүрген тақырыптары бойынша баяндамалар оқыды.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша баяндамалар жинағы шығатын болады.
Шара 23 мамырда Қазақ Ұлттық өнер университетінің концерт залында Славян жазбалары мен мәдениеті күніне арналған мерекелік концертпен жалғасын тапты.
Мерекелік концерт Астана қаласының славян этномәдени бірлестіктері ұйымдарының шығармашылық ұжымдары мен өнер шеберлерінің қатысуымен өткізілді.
Мерекелік шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары Қ.Ж. Асылов мырза қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Мерекелік кештің құрметті қонақтары болып Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясы елшілігінің кеңесшісі Е. Лысенко, Қазақстандағы «Россотрудничество» өкілдігінің басшысының орынбасары С. К. Журавлев, Астана қаласы славян шіркеуінің архимандриті Отец Сергий, этномәдени бірлестіктердің басшылары және Астана қаласының  ғылыми-педагогикалық және шығармашылық қауымы және т.б қатысты.