Жаңалықтар
Портлет менюі
02/11/2015

ТЕРМИНОЛОГИЯ ЖӘНЕ АУДАРМА МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ


Өтетін орны: Астана қаласы, Керей-Жәнібек хандар көшесі, 18, «Тілеп Қобыз Сарайы».

Өткізілетін уақыты: 9.00-18.00

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті ағымдағы жылғы 12-13 және 19-20 қараша күндері мемлекеттік тілде әзірленетін құжаттардың сапасын арттыру, мәтіндердің теңтүпнұсқалылығын қамтамасыз ету, терминдерді біріздендіру мақсатында семинар-тренинг өткізеді.

Аталған іс-шараға орталық, жергілікті атқарушы органдарда және акционерлік қоғамдарда тіл дамыту, редакциялау, аударма жасау мәселелерімен айналысатын мамандар шақырылып отыр.

Семинар барысында белгілі лингвист-ғалымдар аударма жасау, редакциялаудың теориялық негіздерімен таныстыратын болса, ҚР Парламентінің редакциялау бөлімінің қызметшілері мәтіндердің теңтүпнұсқалылығын қамтамасыз ету, терминдерді біріздендірудегі өз тәжірибелерімен бөлісетін болады.

13 және 20 қараша күндері сағат 17.30-да семинарға қатысушыларға сетртификаттар табысталады.

Байланыс телефондары: 8-7172-74-05-03, 8-701-798-01-63, 8-701-430-45-24.