Жаңалықтар
Портлет менюі
04/11/2015
«Тілдерді жеделдете оқытуға арналған интерактивті әдістерді қолдану» ғылыми-әдістемелік семинарының БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

Алматы қ.

6-7 қараша 2015 ж.

Сағат: 09.00-де


Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында 2015 жылдың 6-7 қарашада «Тілдерді жеделдете оқытуға арналған интерактивті әдістерді қолдану» ғылыми-әдістемелік семинарын өткізеді.
Семинардың мақсаты: мемлекеттік және ана тілдерін оқытуда заманауи білім берудің өзекті бағыттарын дамыту және оқытудың жаңа инновациялық технологияларын пайдалану тиімділігін көрсету болып табылады.
Семинардың негізгі бағыттары: Республикалық ұлттық-мәдени бірлестіктердің жексенбілік мектептерінде ұлттық (ана) тілдерді және мемлекеттік тілді оқытудың даму бағыттары мен технологиясы және көптілді білім беруді ендіру бойынша тілдік құзіреттілік  мәселелері.
Семинарға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері, белгілі филология, әлеуметтану, лингвомәдениет саласын зерттеуші ғалымдар, жексенбілік мектептердің оқытушылары және БАҚ өкілдері қатысады.
Семинар жұмысы екі күннен тұрады. Бірінші күні пленарлық мәжілісте ғалымдардың баяндамалары тыңдалып, дөңгелек үстелде тілдерді жеделдете оқытуға арналған интерактивті әдістердің өзекті мәселелері бойынша пікірталас жүргізілсе, ал екінші күні әдіскер, оқытушылардың понарамалық сабақтары көрсетілетін болады.
Өтетін орны: Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі 40, «Достық үйі» концеренц залы
Байланыс телефондары: 8/7172/740-510, 740-509. 8 747 410 27 50