Жаңалықтар
Портлет менюі
24/11/2015

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ «Инновациялық технологияларды пайдалану арқылы фольклорлық кейіпкерлерді біріздендіру»

дөңгелек үстел

Алматы қаласы 2015 жылғы 3 желтоқсан

Өтетін орны: Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы

Басталуы: сағат 15.00

ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен Әлеуметтік және қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері мен пәнаралық зерттеулері нысаны бойынша 2015-2017 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру негізінде орындалып жатқан «Инновациялық технологияларды пайдалану арқылы фольклорлық кейіпкерлерді біріздендіру» атты ғылыми жобасын 2015 жылғы нәтижесі бойынша қорытынды шара ретінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы 2015 жылғы 3 желтоқсанда «Инновациялық технологияларды пайдалану арқылы фольклорлық кейіпкерлерді біріздендіру» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өткізеді.

Халық ауыз әдебиеті кейіпкерлерінің мәтіндердегі бейнелену барысын, ұлттық колоритін сақтай отырып қағаз бетіне түсіру, яғни сөзбен салынған бейнені бояумен салынған бейнеге айналдыру - жобаның басты мақсаты.

Дөңгелек үстелде суретшілердің жоба авторлары тарапынан ұсынылған мәтінді басшылыққа ала отырып әр мифтік бейненің өзіндік ерекшелігін сақтай келе, халықтың наным-сеніміне, дүниетанымына сәйкес салған суреттері талқыға түсіп, ғаламтор арқылы ашық дауыс беру нәтижесінде алған ұпайлары мен қазылар алқасының берген ұпайларының жиынтық балына сәйкес жеңімпаздар анықталады.

Қазақ фольклорындағы кейіпкерлерді біріздендіру мақсатында ұйымдастырылып отырған дөңгелек үстелдің жұмысына фольклортанушы және дінтанушы ғалымдар, суретші – аниматорлар, зиялы қауым өкілдері, балаларға өнім шығаратын барлық ұйымдар қатысады.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар әзірленетін болады.

Байланыс телефоны: 8(7172) 408393, 8708-623-32-89.