Жаңалықтар
Портлет менюі
22/08/2018

БАСПАСӨЗ  ПАРАҒЫ

ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ РӨЛІ
Құқық қорғау органдары қызметкерлерге арналған көшпелі дәрістер


Тамыз айының 22-25 жұлдыздары аралығында Астана қаласында құқық қорғау органдары қызметкерлеріне арналған түрлі семинар – тренинг және дәрістер өтеді.
Бұл ауқымды жобаның құрылтайшысы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті.
Ұйымдастырушы тарап: «AluanKyzmet» ЖШС орталығы.
Қатысушылар: прокуратура, ішкі істер, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік салаларының тиісті бағыттағы қызметкерлері.
Спикерлер және дәріскерлер: салалық мамандар, ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, құқық қорғау саласының ардагерлері.
Айта кету керек, бүгінгі  шара - еліміздің үш аумағында өтетін республикалық деңгейде ұйымдастырылған кешенді іс-шаралардың алғашқысы. Бұдан өзге, Астана қаласында осы күндері тағы да осындай үш шара семинар-тренинг форматында өтпекші.
Мақсаты: ұлттық сана-сезімді жаңғырту, тіл мәдениетін жетілдіру, мемлекеттік тілді кеңінен қолдану мақсатындағы  шаралар кешенінің ықпалын жете түсіну, ішкі қарсылықтан арылуға жәрдемдесу, қызметкерлердің тілге деген ынтасын ояту.
Өткізілетін орны: Астана қаласы, ҚР Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының мәжіліс залы.
Іс-шараның ашылуы 2018 жылы 22 – тамыз таңертеңгі сағат 10:30.
Қатысушыларды тіркеу 10:00-де басталады.