Жаңалықтар
Портлет менюі
09/07/2018

Мемлекеттік қызметшілердің тілдік құзыреттілігін арттыру» атты семинар-тренингі

 

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес тіл саясатын жетілдіру мақсатында Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен бірлесіп 2018 жылғы 2 сәуір – 15 маусым аралығында үштілділікті ілгерілету аясында «Мемлекеттік қызметшілердің тілдік құзыреттілігін арттыру» тақырыбындағы тілдік біліктілікті арттыру жобасын жүзеге асырды. Мемлекеттік қызметшілердің тілдік құзыреттіліктерін қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде арттыруға бағытталған семинарлар Академияда интенсивті-тренингтік оқыту режимінде жүргізілді. 2018 жылғы жобаға мемлекеттік органдардан барлығы 558 мемлекеттік қызметші тартылды.

Биылғы жылы аталған семинарларға ҚР МҚІСЖҚІҚА, ҚР Жоғарғы Соты, ҚР БП, ҚР ҰҚК, РБАБЕК, ҚР Конституциялық Кеңесінің Аппараты, ҚР ПІБ, ҚР СІМ, ҚР ІІМ, ҚР ҰЭМ, ҚР ӘМ, ҚР ҚМ, ҚР ЭМ, ҚР ИДМ, ҚР АКМ, ҚР ҚМ, ҚР ҚАӨМ, ҚР ДІА ҚМ, ҚР БҒМ, ҚР АШМ, ҚР ЕХӘҚМ сияқты мемлекеттік органдардың  қызметшілері  қамтылды.