Жаңалықтар
Портлет менюі
21/06/2018

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ


      Астана қаласы               2018 жылғы 22 маусым
                                              Басталуы: сағат: 16.00.


Өтетін орны: Астана қаласы «Қазанат» ипподромы аумағында орналасқан «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінің концерттік залы.

Үстіміздегі жылы 22 маусымда Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлының қатысуымен «Мемлекеттік тіл және БАҚ» атты республикалық конкурсының қорытынды салтанаты, сондай-ақ 2018 жылғы мәдениет, спорт, туризм, тіл салаларын бұқаралық ақпарат құралдарында жан-жақты насихаттауға үлес қосқан журналистерді марапаттау рәсімі өткізіледі.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті және «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
Республикалық конкурсқа үміткер журналистерден 200-ге жуық материал келіп түсті. Ережеге сәйкес ел аумағындағы БАҚ-та жарияланған журналистік еңбектердің мазмұны мемлекеттік тілдің қызмет ету аясын кеңейту, мәртебесін нығайту және қазіргі мемлекеттік тілдің ахуалды талдау және оған мониторинг жүргізуге бағытталған.  
Конкурстың қорытындысы бойынша бас жүлде тағайындалады және «Үздік мақала», «Үздік телебағдарламасы», «Үздік радиобағдарламасы», «Үздік сайт мақаласы» номинациялары бойынша жүлдегерлер марапатталады.
Конкурсқа ұсынылған еңбектерді елімізге белгілі қаламгер журналист мамандардан құрылған арнайы қазылар алқасы сараптап, жеңімпаз бен жүлдегерлерді анықтады.
Іс-шараға зиялы қауым және БАҚ өкілдері, конкурстың жеңімпазы мен жүлдегерлері, өнер адамдары қатысады.
Байланыс телефоны: 8 (7172) 74-04-97, 74-14-97, 27-98-36,
8-702-478-97-03, 8-701-897-50-47.
Хабарландыру: Іс-шараның қонақтарымен қатысушыларына көлік қарастырылған.
Шығу орны: Дінмұхамед Қонаев көшесі 4, «Қазмедиа» орталығының алды.
Жүріп кету уақыты: 22 маусым күні сағ. 14.30 Сұлтан 8775-263-00-91. Z 946 XCM.