Жаңалықтар
Портлет менюі
26/11/2017

«Тіл парасат» республикалық байқауының БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

 
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмасымен «Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМҚК 2017 жылғы 23 қарашасында  этнос жастары арасындағы қазақ тілі білгірлерінің «Тіл парасат» атты республикалық байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты –мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту,  тіл мәдениетін көтеру, этнос өкілдерін ынталандыру, талантты жастарды анықтау және қолдау.
Байқауға 17-22 жас аралығындағы облыстық және қалалық іріктеу кезеңдерінің жүлдегерлері  қатысты. Байқау ережесіне сәйкес келесі тапсырмалардан тұрды:
- Ұсынылған тақырып бойынша ауызша тұсаукесер
- Қазақша эссе жазу
- Диалог құру
- «Шабыт жұлдызы» атты шығармашылық тапсырманы орындау.
Арнайы құрылған қазылар алқасының шешімімен үздіктер анықталып, дипломдармен, алғысхаттармен және сыйлықтармен марапатталды.
Екі қатысушы ынталандыру мақсатында алғыс хаттпен және 50 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақымен мараптталды олар - Қарағанды облысы технология колледжінің 4 курс студенті Панишев Руслан және Шығыс Қазақстан облысының Серікбев атындағы ШҚМТУ ІІ курс студенты Раздомина  Анна, ІІІ орынмен және 70 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақымен екі қатысушы – Жамбыл облысы Талас ауданы 11 сынып оқушысы Столярова Карина және Алматы қаласы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің ІІ курс студенті Ордабекова Лайла, ІІ орын және 100 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақымен Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық универститетінің ІІ курс студенті Полфунтикова Елена, І орынмен және 120 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақымен Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Үстірт орта мектебінің мұғалімі Сильченко Ирина марапатталды, ал бас жүлдені және 150 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақыны иеленген Атырау облысы №16 Қаражігітов атындағы мектеп-лицей 11 сынып оқушысы Ким Ангелина. Қатысушылар құрметіне концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Байланыс телефоны: 8 (7172) 40-83-97; 8 708 923 41 64