Жаңалықтар
Портлет менюі
09/07/2018

«Тіл  шебері - 2018» республикалық байқауының

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмасымен «Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» АҚ 2018 жылдың 15 маусымында Ақмола облысы, Бурабай ауданы  «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Тіл шебері - 2018» жас мемлекеттік қызметшілер арасында республикалық конкурсын (бұдан әрі конкурс)   ұйымдастырып өткізді.

Байқаулың мақсаты үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу.

Жарысқа 21-29 жас аралығындағы, байқауға жас мемлекеттік қызметшілерден 19 қатысушылар қытысты. Дарынды жастарға Назарбаев университетінің асс.профессор қазақ тілі және түркітану департаменті Ағабекова Жазира Ағабекқызы (төрайымы), Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытуды республикалық үйлестіру-әдістемелік  орталығының терминология және ономастика бөлімінің жетекші ғылыми қызыметкері филология ғылымдарының кандидаты   Исқақова Бақыткүл Дауытбекқызы, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті орыc филологиясы және кітапхана ісі кафедрасының оқытушысы филология ғылымдарының магистрі  Ильясова Шынар Болатқызы, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті Ағылшын тілі және оқыту әдістемесі  кафедрасының меңгерушісі филология ғылымдарының кандидаты Исмагулова Айнагүл Ербұлатқызы, Еуразия Гуманитарлық инсституты Шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы педагогика ғылымдарының магистрі  Қосжанова Ақмарал Сағатбекқызы қазылық етті.

Барлық номинация бойынша жинаған ұпайларының нәтижесінде қазылар алқасының шешімімен бас жүлде мен І, ІІ, ІІІ орындары және ынталандыру жүлделері берілді:

Ынталандыру алғысхатымен келесі қатысушылар марапатталды:

-  Ахметкәрімова Құндыз Маратбекқызы ҚР  Ұлттық экономика министрлігі сарапшы (50 000 тенге).

- Ашимов Дарын Дамиривич ҚР Қарулы әскерлерінің Кадет корпусының взвод командирі (50 000 тенге).

ІІІ орын – Алшанбаев Асланбек ҚР Мемлекеттік күзет қызметі. (75 000 тенге).

ІІІ орын - Жалғас Жасұлан ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Стратегиялық жоспарлау департаменті, Жобалық жұмыс басқармасының  сарапшысы  (75 000 тенге).

ІІ  орын – Кәдірбаев Санжар Ғалымжанұлы ҚР Әділет министрлігі Мемлекеттік қызметті мониторингтеу және ішкі әкімшілендіру департаменті сарапшы (100 000 тенге).

І орын – Смағұлов Бекзат Болатжанұлы.  ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаменті музыка өнері басқармасы,  сарапшы  (150 000 тенге).

Бас жүлде иегері – Өскенбаева Әйгерім Нұрболатқызы. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, бас маман-заң кеңесшісі (250 000 тенге).