Жаңалықтар
Портлет менюі
12/06/2018

«Түркі-славяндық қарым-қатынас: тіл, тарих, мәдениет» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

 
Славян жазуы мен мәдениетікүніне орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті мен «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» АҚ-ның ұйымдастыруымен «Түркі-славяндық қарым-қатынас: тіл, тарих, мәдениет» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Қазақстан этномәдени кеңістігіндегі славян тілдерінің алуан қырлы қызметі мен оларды сақтап қалу мәселелері жөнінде пікір алмасу, орыс және өзге де славян тілдерін оқыту бағытындағы жинақталған тәжірибелермен алмасу, ғасырлар тоғысындағы славян және түркі халықтарының өзара тығыз қарым-қатынастарының жолдары мен құндылықтарын талқылауды мақсат еткен басқосуда славянтану, түркітану, тілдік қатынас, аударматану, әдебиеттану салаларындағы белгілі ғалымдар баяндама жасады.
Конференцияға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен Мәдениет және спорт министрлігі өкілдері, Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық тұлғалар – славян мемлекеттері елшіліктерінің қызметкерлері (ҚР Ресей Федерациясының елшілігі,ҚР Беларусь Республикасының елшілігі, ҚР Болгария Республикасының елшілігі және т.б.), ҚР Президенті жанындағы РМУ «Қоғамдық келісім», ҚР Ресей ынтымақтастық өкілдігі, Қазақстан мен Ресей жоғары оқу орындарының ғалымдары, оқытушылары, мектеп мұғалімдері, оқушылар, студенттер, магистранттар мен докторанттар, этномәдени бірлестіктер, этноағартушылық мектептер мен БАҚ өкілдері қатысты.
Конференция аясында славян филологиясы және тілдік қатынастар бойынша ғылыми, оқу-әдістемелік әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылады.
Ауқымды шара М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында славян жазуы мен мәдениеті күніне арналған мерекелік концертпен жалғасты.