Жаңалықтар
Портлет менюі
23/10/2017

«Ұлттық терминқорды жүйелеудің теориялық және ғылыми-тәжірибелік негіздері» республикалық ғылыми-теориялық конференциясының БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

Астана қаласы                           2017 жылғы 23 қараша
                                                    Басталуы: сағат 10.00 де

Өткізілген орны: Достық көшесі, 11-үй, Қазақстан Республикасының  Ұлттық академиялық кітапханасы, «Конституция» залы


Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыстар комитетінің тапсырмасы бойынша Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы 2017 жылғы 23 қарашада Астана қаласында «Ұлттық терминқорды жүйелеудің теориялық және ғылыми –тәжірибелік негіздері» тақырыбында республикалық ғылыми-теориялық конференцияны ұйымдастырып өткізді.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары Ғ.Мелдешовтың алғы сөзімен ашылды.
Конференцияда қазіргі терминжасам, терминқорды жүйелеудің мәселелері, Алаш қозғалысы зиялыларының қазақ терминжасам қағидаларын қалыптастырудағы орны, терминдерді реттеу, бірізділеу мен стандарттаудың маңызды теориялық және ғылыми–практикалық мәселелері қозғалды.
ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, ф.ғ.д., профессор Ш.Құрманбайұлы пленарлық мәжілістің алғашқы баяндамасын оқу үшін экономика ғылымдарының кандидаты Ж.Құлекеев, «Алаш және Ұлттық терминқор» тақырыбында баяндама жасаған Ш.Құрманбайұлы А.Байтұрсыновқа сүйене отырып, ғылым тілін мейлінше ықшамды, түсінікті етіп, қазақ тіліне икемдеу керек деген пікірін ортаға салды. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, профессор, ф.ғ.д. Ерден Қажыбек қазақ терминологиясындағы түйіткілдерді ашып айтты. Конференция барысында  заң саласы терминдерінің қолданысындағы сәйкессіздіктер де сөз болды. Бұл туралы А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты Терминология бөлімінің меңгерушісі, ф.ғ.к. С.Құлманов баяндады.
Аталған конференцияға Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясының мүшелері, терминолог-ғалымдар, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің және басқа да орталық және жергілікті атқарушы органдардың жауапты қызметкерлері, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты. 

Байланыс телефондары: 8 (7172) 40-83-93, 8701-675-26-30