Жаңалықтар
Портлет менюі
10/11/2009
 «Тілдарын-2009» республикалық олимпиадасы  туралы


Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті үстіміздегі жылдың 6-7 қараша аралығында «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасының аясында «Тілдарын-2009»  республикалық олимпиадасын өткізді.

Шараның негізгі мақсаты: үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген  қабілетті жастарды анықтау  және  қолдау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу.

Байқауға еліміздің барлық облыстары және Астана мен Алматы қалаларынан облыстық, қалалық деңгейде өткізілген байқаулардың  жеңімпаздары қатысып, өз өнерлерін ортаға салады.

  

Талапкерлердің өнерін құрамында Қазақ гуманитарлық заң университеті жалпы тіл білімі және аударма ісі кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Жұмағали Әбуұлы Әбуов қазылар алқасының төрағасы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жалпы тіл білімі және аударма теориясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Сәтенова Серікгүл Көпешбайқызы, Қазақ гуманитарлық заң университеті жалпы тіл білімі және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы Баекеева Айнұр Толыбайқызы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы Мұхтарханова Айнагүл Мәдиқызы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Жалпыазиялық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары Ахмет Руслан Тохтубайұлы  сынды қазылар алқасы бағалады.
Бас жүлдені астаналық Гүлмира Мұқанова жеңіп алса, бірінші орынды  Әйгерім Ахметова (Қарағанды обл), екінші орынды Ботагөз Дабылова (Ақтөбе обл), үшінші орынды Нұрсұлу Сүлейменова (Қостанай обл) мен Гүлден Ықыласбаева (Алматы обл) иеленді. Жеңімпаздар дипломдармен, алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.
    
Байланыс телефондары: 74-04-56, 74-05-01, 74-05-06 (ф.)