Жаңалықтар
Портлет менюі
05/11/2009

БАСПАСӨЗ  АҚПАРАТ

«Тілдарын-2009» республикалық олимпиадасы  туралы


Астана қаласы                                                                                   2009 жылғы 6-7 қараша

 

Өткізілетін орны: «Іскер» бизнес орталығының мәжіліс залы                       (Сарыарқа д-ы, 15)

 

Басталуы: 10.00-де

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті үстіміздегі жылдың 6-7 қараша аралығында «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасының аясында «Тілдарын-2009»  республикалық олимпиадасын өткізеді.


Шараның негізгі мақсаты: үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген  қабілетті жастарды анықтау  және  қолдау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу.


Байқауға еліміздің барлық облыстары және Астана мен Алматы қалаларынан облыстық, қалалық деңгейде өткізілген байқаулардың  жеңімпаздары қатысып, өз өнерлерін ортаға салады.   


Талапкерлердің өнерін құрамында Қазақ гуманитарлық заң университеті жалпы тіл білімі және аударма ісі кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Жұмағали Әбуұлы Әбуов қазылар алқасының төрағасы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жалпы тіл білімі және аударма теориясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Сәтенова Серікгүл Көпешбайқызы, Қазақ гуманитарлық заң университеті жалпы тіл білімі және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы Баекеева Айнұр Толыбайқызы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы Мұхтарханова Айнагүл Мәдиқызы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Жалпыазиялық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары Ахмет Руслан Тохтубайұлы  сынды қазылар алқасы бағалайды.


Байқау жеңімпаздары дипломдармен, алғыс хаттармен және басқа да  сыйлықтармен марапатталады.
 


Байланыс телефондары: 74-04-56, 74-05-01, 74-05-06 (ф.)