Жаңалықтар
Портлет менюі
08/12/2009
Б А С П А С Ө З  А Қ П А Р А Т

Өзге тілді ересек тұрғындарға арналған «Қазақ тілінің үздік оқулығы  (оқу құралы)»

атты республикалық  байқау туралы

 
Астана қаласы                                                                       2009 жылғы 8 желтоқсан

   Өткізілетін орны: «Думан» қонақ үй кешенінің мәжіліс залы (Қорғалжын тас жолы, 2А)
   Басталуы: 17.00-де

   Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті ү.ж. 8 желтоқсанда қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде жеделдете оқыту және коммуникативтік-бағдарлы оқытудың тиімді әдістемелерін пайдалану бойынша ересек тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын оқулықтар мен оқу құралдарын жасауды ынталандыру мақсатында өткізілген «Қазақ тілінің үздік оқулығы (оқу құралы)» республикалық байқауында жүлдегер деп танылған еңбектердің тұсаукесер рәсімін өткізеді.


   Байқаудың ұйымдастыру комитетіне 28 жұмыс түскен болатын. Қазылар алқасының шешімімен «Сарыарқа» оқу-әдістемелік кешені (Қарағанды облыстық тілдерді оқыту орталығының авторлық ұжымы, жетекшісі –  М.Сыздықов),  «Ресми-іскери қазақ тілі» оқулық кешені (авторлық ұжым – жетекшісі ф.ғ.д., профессор Э. Сүлейменова), «Қазақ тілі» үш деңгейлік оқу құралы (авт. Г. Әлімбек), «Келіңіз, сөйлесейік» (қазақ тілін үйренуші ересектерге арналған) оқу кұралы (авт. Қ.Қарабаева),  «Қазақ тілі (бастауыш деңгейге арналған) оқу құралы (авт. Ж.Нұршайықова, Г.Мұсаева), «Мемлекеттік қызметкерлерге арналған қазақ тілі» оқулығы (авт. Н.Машқан)   жүлделі орындарға ие болды.


   Сонымен қатар аталған шара аясында республика көлемінде мемлекеттік тілді оқыту бойынша заман талабына сай озық бағдарламалар даярлайтын авторлардың ынта-ықыластарын жандандыру, автордың кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған «Мемлекеттік тілді оқытудың жаңа, баламалы, неғұрлым жетілдірілген сапалы бағдарламаларын әзірлеуді жүзеге асыратын мамандарды ынталандыру» атты республикалық байқаудың жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өткізіледі.

   Бұл байқауға «Басқару саласы”, “Құқық қорғау саласы”, “Қызмет көрсету саласы” номинациялары бойынша 21 жұмыс түсті. Байқау комиссиясының шешімімен үш номинация бойынша 4 жұмыс байқаудың жүлделі орындарына ие болды. Олар: «Сабақ үлгілері» Мемлекеттік қызметкерлерді оқытуға арналған көмекші оқу құралы  (авт. Ұ. Қаюпова, Ж. Тұрлыбекова), «Құқық қорғау органдары қызметкерлеріне арналған әдістемелік оқулығы» (авт.Е. Қожабеков), «Медицина қызметкерлеріне арналған оқу құралы» (авт.В. Жаумитова, С. Исакова,Т. Макешева), «Кеден саласы қызметкерлеріне кәсіби қазақ тілін оқыту бағдарламасы» (авт. С. Құлманов).     

   Байқаулардың жеңімпаздары арнайы дипломдармен және ақшалы сыйлықтармен марапатталады.

   Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-05-01, 74-05-10 (тел/факс);