Комитет өкілеттігінің сипаттамасы
Портлет менюі
Мәдениет және ақпарат Министрлігінің тіл комитеті

Астана қаласы, Министрліктер үйі
тел.: 8(3172) 74-05-06, 74-05-08
e-mail: tilkomiteti@gmail.com


Комитет құқықтары

           Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат  министрлігінің  Тіл комитеті (бұдан әрі - Комитет) өз құзіреті шегінде іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ өз құзыретіне жатқызылған қызмет саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ведомствосы  болып табылады.

Комитеттің негізгі міндеттері тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы заңнаманың сақталуын бақылауды  және қадағалауды жүзеге асыру  болып табылады.  

Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентімен Үкіметінің кесімдеріне, өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оқшауланған мүлкі,  өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті органдарында есеп шоттары болады.

Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

Комитеттің, егер оған заңнамаға сәйкес өкілеттік берілсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында міндетті күші бар төрағаның бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

Комитеттің штат санының лимиті мен құрылымын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат  министрлігінің Тіл комитеті" мемлекеттік мекемесі.

Комитет қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.       

Комитетке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілері мен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.