Өмірбаяны
Портлет менюі


Қуат Қахарманұлы Борашев

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Қуат Қахарманұлы Борашев


Туылған күні: 1972 жылғы 12 желтоқсан



 Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензия:
• Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік Ұлттық университеті (1994)
Журналист



Мемлекеттiк наградалары, құрметтi атақтары:
• «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтой медалі - 10.11.2011 ж.,
• «Ерен еңбегі үшін» медалі - 05.12.2012 ж.,
• «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» мерейтой медалі - 05.08.2015 ж.,
• «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтой медалі - 29.11.2016 ж.



Еңбек жолы:
• «Қазақстан» мемлекеттік телерадиокомпаниясының редакторы, Алматы қ. «Қазақстан теледидар және радио» республикалық корпорациясының тілшісі, Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Аманкелді атындағы орта мектептің қазақ тілі және әдебиетінің мұғалімі, Тараз қаласының «Райхан-ТВ» Телекомпаниясының телеарна дикторы, Тараз қаласының қалалық «Тараз-ТВ» телеарнасының редакторы, «Қазақстан теледидары және радиосы» республикалық корпорациясы» акционерлік қоғамының «Жамбыл облыстық телерадиокомпаниясының «Ақнұр» тобының басшысы, «Қазақстан теледидары және радиосы» республикалық корпорациясы» акционерлік қоғамының «Жамбыл облыстық телерадиокомпаниясының «Азан» бағдарламасы тобының басшысы, Жамбыл облыстық телерадиохабарларын тарату компаниясы «Қазақстан теледидары және радиосы» Республикалық корпорациясының «Жамбыл облыстық телерадио компаниясы» ЖАҚ-ның комментаторы, Тараз қаласы, «Қазақстан темір жолы» РМҚ-ның Қоғаммен байланыс басқармасының бас маманы, «Егемен Қазақстан» Республикалық газеті» ААҚ-ның тілшісі (1993-2005);


• «Қазақстан Республикасы Президентінің ТРК» ҚЕЖАҚ-ның мерзімдік басылымдар бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз қызметінің бас сарапшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-саяси бөлімінің бас сарапшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің сарапшысы, инспекторы (2005-2008);


• Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі (12.2008-04.2012);


• Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары (05.04.2012-2013);


• Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының хатшылығы меңгерушісінің орынбасары (2013-2017);


• «Егемен Қазақстан» Республикалық газеті» АҚ-ның бас редакторы (06.2017-11.2017);


• Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты жұмыс комитетінің төрағасы (11.2017)