Мемлекеттік қызмет өткеру туралы ереже
Портлет менюі

Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 наурыздағы N 357 Жарлығы

 


 

     "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қаулы етемін:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ереже бекітілсін.
      2. Мыналардың күші жойылған деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне еңбек сіңірген жылдарына проценттік үстеме ақы төлеу үшін мемлекеттік қызмет стажы мен зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарын есептеудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 3 маусымдағы N 3014 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, N27, 225-құжат); 
      2) "Қазақстан Республикасы Президентінің1996 жылғы 3 маусымдағы N 3014 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне еңбек сіңірген жылдарына проценттік үстеме ақы төлеу үшін мемлекеттік қызмет стажы мен зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарын есептеудің тәртібі туралы ережеге толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы  Президентінің 1998 жылғы 23 сәуірдегі N3919 Жарлығы.
      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
      4. Осы Жарлық 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
      Президенті

ҚазақстанРеспубликасы     
Президентінің          
2000 жылғы 10 наурыздағы     
N 357 Жарлығымен         
Бекітілген             

Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы
ЕРЕЖЕ

     Осы Ереже мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілердің мемлекеттік қызмет өткеру мәселелерін реттейді.

1 бөлім

Мемлекеттік саяси қызметшілердің
мемлекеттік қызмет өткеруі

     1.Мемлекеттік саяси қызметшілерге қойылатын талаптар

     1. Мемлекеттік саяси лауазымға орналасу азаматтар міндетті арнайы тексеруден өткен жағдайда жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік саяси қызметшілердің негізгі міндеттері
және қызметін ұйымдастыру

     2.Мемлекеттік саяси қызметшінің қызметтік міндеттері Қазақстан Республикасының заңдарымен, осы Ережемен, тиісті мемлекеттік орган туралы Ережемен және лауазымдық нұсқаулықтармен айқындалады.
     3. Мемлекеттік саяси қызметшілердің негізгі міндеттері:
     1) мемлекеттік саясатты айқындауға және іске асыруға жәрдем десетін шешімдер қабылдау;
     2) қабылданған шешімдердің орындалу барысын бақылау;
     3) мемлекеттік және өзге де бағдарламалар мен жобалардың орындалубарысын реттеу және бағалау, сондай-ақ орындалуы үшін дербес жауапкершілік;
     4) мемлекеттік органның жұмысын басқару;
     5) бағынысты мемлекеттік қызметшілердің жұмысына басшылық жасау болып табылады.
     4. Мемлекеттік саяси қызметшілерге мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын қоса атқаруға жол берілмейді.

3. Мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік
қызметті тоқтатуы

    5.Мемлекеттік саяси қызметшінің өкілеттігі: 
     1) Қазақстан Республикасының азаматтығына найырылған;
     2) мемлекеттік орган таратылған;
     3) мемлекеттік саяси қызметші өзінің табысы мен мүлкі туралы көрінеу жалған мәліметтер берген;
     4) "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңда(бұдан әрі - Заң) белгіленген міндеттер мен шектеулерді сақтамаған;
     5) өзіне меншік құқығы бойынша тиесілі мүлікті сенімді басқаруға бермеген;
     6) сыбайлас жем қорлыққа тән құқық бұзушылық жасаған;
     7) мемлекеттік саяси қызметшіге қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;
     8) жоғары тұрған басшылық мемлекеттік саяси қызметшінің өзөкілеттігінен бас тарту туралы жеке жазбаша өтініші  негізінде орнынантүсуін қабылдаған; 
     9) атқаратын лауазымына оны тағайындау (сайлау)құқығы бар лауазымды тұлға (орган) тиісті шешім қабылдаған; 
     10) республика заңдарында көзделген өзге де негіздер туындаған жағдайларда тоқтатылады.
     Мемлекеттік саяси қызметшінің өкілеттігі сол сияқты мемлекеттік орган қайта құрылған, мемлекеттік қызметшілердің саны немесе штаты қысқартылған жағдайларда тоқтатылуы мүмкін.
     6. Мемлекеттік саяси қызметшілер Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген негіздерде орнынан түсуге өтініш береді. Егер орнынан түсудің негіздері заңдарда көзделмесе,мемлекеттік саяси қызметшілер еңбек заңдарында көзделген жалпы негіздер бойынша жұмыстан босатылады.

2 бөлім

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің
мемлекеттік қызмет өткеруі

4. Мемлекеттік әкімшілік қызметке кіру

    7.Мемлекеттiк орган басшысының мемлекеттiк органды құру кезеңiнде қызметтiк қажеттiлiк жағдайында бос әкiмшiлiк лауазыммен көзделген мiндеттердi уақытша атқару үшiн, оған орналасуға конкурс өткiзу туралы мiндеттi хабарландыру жариялау шартымен, адамдарды үш айдан аспайтын мерзiмге жұмысқа қабылдауға құқығы бар. Бұл адамдардың саны мемлекеттiк органның штат санының 20 процентiнен аспауға тиiс.
      Ұзартылуға жатпайтын осы мерзім ішінде аталмыш лауазым мемлекеттік қызмет туралы заңдарда белгіленген тәртіппен қамтылуға тиіс.
      Мемлекеттік  қызметшілер болып табылмайтын мұндай адамдар мен оларды уақытша жұмысқа алған мемлекеттік орган арасындағы еңбек қатынастары тек еңбекзаңдарымен ғана реттеледі.
      Бұл адамдардың еңбек ақысының мөлшері мемлекеттік қызмет туралы заңдарда осы лауазым үшін көзделген шекті жоғарғы еңбек ақы мөлшерінен аспауға тиіс.
      Ескерту. 7-тармақ өзгерді- ҚР Президентінің 2001.05.11. N 605 жарлығымен.  
    8. Заңның 24-бабының 4-тармағында көрсетілген тұлғалардың бос әкімшілік лауазымдарға конкурстан тыс негізде орналасу құқығы болады. 
    9. Мемлекеттік саяси қызметшілердің, сондай-ақ тұрақты негізде жұмыс істейтін Парламент пен мәслихаттар депутаттарының,мемлекеттік саяси қызметін немесе депутаттық өкілеттігін тоқтатқан кезден бастап төрт ай бойында мемлекеттік әкімшілік лауазымға конкурстық іріктеусіз орналасу құқығы сақталады. 
    10. Мемлекеттік орган басшысының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға Заңның 24-бабының 4-тармағында және осы Ереженің 9-тармағында аталған адамдарды, әкімшілік лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына осы адамдардың біліктілігі сәйкес келген жағдайда, қабылдауға құқығы бар. Осы адамдар бос лауазымға, егер оған орналасуға бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс жарияланбаған жағдайда ғана орналаса алады. 
    11. Әдетте, азамат мемлекеттік қызметке  белгіленбеген мерзімге кіреді. 
    12. Мерзімді еңбек шарты, әдетте, уақытша болмаған мемлекеттік қызметшілердің орнын басу қажет болған жағдайларда жасалады.Мемлекеттік орган басшысы, сондай-ақ мерзімді еңбек шарты бойынша Заңда және еңбек заңдарында көзделген негіздермен ғана шектелуі мүмкін басқада жағдайларда азаматтарды бос орындарға қабылдай алады. 
    13.Мерзімді еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің саны мемлекеттік органның штат санының 20 процентінен аспауға тиіс. 
    14. Мерзімді еңбек шарты мемлекеттік органның басшысы айқындайтын мерзімге жасалады және осы Ереженің 12-тармағында көзделген жалғасып отырған қажеттілікке байланысты жағдайларда оның қолданылуы біткеннен кейін қайта жасалуы мүмкін.
    14-1. Азаматты мемлекеттiк қызметке мерзiмдi еңбек шарты бойынша қабылдау Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. <*>
       Ескерту.14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2003.04.21. N 1071 жарлығымен.
    15. Егер конкурс белгілі жұмыс істеу мерзімі барбос лауазымға өткізілсе, онда болжалды еңбек шартының бұл шарты конкурс өткізу  туралы хабарландыруда көрсетілуге тиіс.
    16. Азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруін ресімдеу кезінде мемлекеттік орган мемлекеттік қызметпен сыбайлас жем қорлыққа қарсы күрес туралы заңдар талаптарынқамтамасыз етуге тиіс.
      Мемлекеттiк орган басшысыныңконкурстық комиссияның оң қорытындысын алған адамдарды бос әкiмшiлiк лауазыммен көзделген мiндеттердi уақытша атқару үшiн, олардың мiндеттi арнайы тексеруден өткенi туралы нәтижелердi алған күнiне дейiн, жұмысқа қабылдауға құқығы бар. Бұл адамдармен еңбек қатынастары осы Ереженiң7-тармағының үшiншi және төртiншi абзацтарына сәйкес реттеледi.
     Ескерту. 16-тармақтолықтырылды - ҚР Президентінің 2001.05.11. N 605 жарлығымен.
    16-1. Басқа мемлекеттiк органдардан iс сапарға жiберiлген әскери немесе арнайы атағы бар адамдардың мемлекеттiк әкiмшiлiк және саяси қызметке кiруi Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.
     Ескерту. 16-1-тармақпен толықтырылды- ҚР Президентінің 2001.05.11. N 605 жарлығымен.
    17. Мемлекеттік органдардың кадр қызметтері мемлекеттік қызметке кірген барлық мемлекеттік қызметшілерге қызмет тізімін ашады. Қызмет тізімінің нысанын мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді. 
    18. Мемлекеттік қызметке кірген мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен қызмет куәлігі беріледі.

     4-1. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiнiң бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға ауыстыру тәртiбiмен орналасуы <*>

     Ескерту. 4-1-тараумен толықтырылды - ҚР Президентінің 2003.04.21.N 1071 жарлығымен.

    18-1.Мемлекеттiк органның басшысы осы мемлекеттiк органның немесе басқа мемлекеттiк органның мемлекеттiк әкімшiлiк қызметшiсiн тиiстi бос лауазымға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келгенде және мемлекеттiк қызметшiнiң өзi мен мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкілеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келiсiмi болғанда, ауыстыру тәртiбiмен бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына тағайындауға хақылы.
    18-2. Мемлекеттiк орган мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiнi бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына ауыстыру тәртiбiмен тағайындауға келiсiм беру үшiн уәкілеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне мынадай құжаттарды табыс етедi:
    1) мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiнiң тиiстi лауазымға ауыстыру тәртiбiмен орналасуға өтiнiшi;
    2) мемлекеттiк органның кадр қызметi куәландырған, толтырылған қызмет тiзiмi.
    18-3. Уәкілеттi орган табыс етiлген құжаттардың негiзiнде бес жұмыс күнi iшiнде мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
    1) тағайындауға келiсiм бередi;
    2) келiсiм беруден бас тартады.
    18-4. Келiсiм беруден бас тартудың негiздерi мемлекеттiк қызметшiнiң тиiстi лауазымға қойылатын бiлiктілік талаптарына,Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуi немесе осы Ереженiң 18-2-тармағында аталған құжаттарды табыс етпеуi болып табылады.

5. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді сынау мерзімі

    19.Сынау мерзімі белгіленген жағдайларда сынау нәтижесін қанағаттанғысыз деп тануға мемлекеттік әкімшілік қызметшінің өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді тиісінше атқаруға қабілетсіздігі негіз болып табылады.
    20. Лауазымдық міндеттерді атқаруға қабілет  сіздікті растайтын барлық фактілерді мемлекеттік органның кадр қызметі жазбаша тіркеп,сынау нәтижелері туралы ұсыныста көрсетуге тиіс. 
    21. Сынау мерзімін өткеруші мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге мемлекеттік қызмет туралы заңдар қолданылады.

6. Еңбек қатынастарының туындауы
және еңбек тәртібі

    22. Мемлекеттік әкімшілік қызметші оның тағайындалуы туралы бұйрықта көрсетілген күннен бастап қызметте болып саналады.
    23. Білім беру ұйымдарында мемлекеттік органның қызмет бейініне сәйкесмамандық бойынша оқитын мемлекеттік әкімшілік қызметшіге қолданыстағы заңдардың талаптарына сай мемлекеттік орган басшысының шешімі бойынша ақы төленетін немесе ақы төленбейтін оқу демалысы берілуі мүмкін.
    24. Мемлекеттік әкімшілік қызметші мемлекеттік тапсырыс негізінде қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберілгенде,оған Заңда көзделгеніс сапар кезіндегі кепілдіктер мен өте мақылар қолданылады.
    24-1. Мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттiк бағдарламалары бойынша оқу бiтiрген адамдардың мемлекеттiк қызметтi өткеруiне мониторингтi уәкiлеттi орган жүзеге асырады. <*>
      Ескерту.24-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2003.04.21. N 1071жарлығымен.

7. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің
мемлекеттік қызмет стажы

    25.Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген тәртіппен саяси және әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жал ақысын айқындау мақсатында мемлекеттік қызмет стажы есептеп шығарылады. 
    26. Еңбек ақы төлеудің тарифтік-біліктілік кестесіне сәйкес, лауазымдық жал ақы алуға құқық беретін стажға мемлекеттік қызметте болған уақыттың бәрі кіреді. 
    27. Лауазымдық жал ақы белгілеуге құқық беретін мемлекеттік қызмет стажын есептеп шығару үшін сол сияқты: 
    1) Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСРОдағының Қарулы Күштеріндегі,ішкі, шекара әскерлеріндегі, басқару органдарындағы және азаматтық қорғаныс бөлімдеріндегі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті органдарыныңжүйесіндегі, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметіндегі және Қазақстан  Республикасының  Республикалық ұланындағы, келеңсіз себептер бойынша қызметтен шығарылғандардан басқа, офицерлік құрамдағы адамдардың, прапорщиктердің, мичмандардың, мерзімнен тыс қызмет әскери қызметшілерінің мерзімді әскери қызмет өткерген; 
    2) басшы құрамдағы адамдардың, жағымсыз себептер бойынша қызметтен шығарылғандардан басқа, Қазақстан Республикасының және бұрынғы КСРОдағының ішкі істер, қаржы полициясы органдары жүйесінде қызмет өткерген, прокуратура органдарында қызмет істеген, судья болып немесе  сот аппараттарында жауапты лауазымдарда істеген, басшы құрамдағы адамдардың Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінде қызмет атқарған; <*>
    3) еңбек сіңірген  жылдары үшін үстеме ақы алуға құқық беретін лауазымдардағы, Қазақстан  Республикасы мен бұрынғы КСР Одағының соттарындағы, прокуратура, ішкі істер, қаржы полициясы органдарындағы, КСРО мемлекеттік қауіпсіздік,ұлттық қауіпсіздік және Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті органдарындағы жұмыс; <*>
    4) мемлекеттік қызметте тұрған адамдардың бала бір жарым жасқа толғанға дейін оны күтуге берілетін іші нара ақы төленетін демалысы мен бала үш жасқа толғанға дейін оны күтуге берілетін жалақысы сақталмайтын қосымша демалысының, сондай-ақ басқа да ақысыз демалыс түрлерінің;
    5) КСРО Мемлекеттік банкі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жүйесінде жұмыс істеген; 
    6) егер шетелге жіберердің алдында қызметші мемлекеттік қызметте болса және шетелден қайтып келген күннен бастап екі ай мерзім ішінде, көшіп  келу уақытын есептемегенде, мемлекеттік қызметке кірсе,мемлекеттік органдар мен мемлекеттік ұйымдардың жолдамасы бойынша шетелдегі жұмыс; 
    7) 1992 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақ КСР-і мен ҚазақстанРеспубликасының партия, кәсіп   одақ және комсомол органдарында сайланбалы  және өзге де жауапты лауазымдардағы жұмыс; 
    8) басшы  лауазымдардағы, мемлекеттік ұйымдардағы мемлекеттік қызмет   мамандықтарымен бірдей мамандықтар бойынша лауазымдардағы соңғы жұмыс  орны; 
    9) мемлекеттік органдар мен оның аппараттарына техникалық қызмет көрсетуді және жүзеге асырған жұмыс істеуін қамтамасыз еткен қызметкерлер қызметтеріндегі жұмыс, егер осы қызметтер заңдарға сәйкес мемлекеттік қызметшілер лауазымдарына жатқызылса; 
    10) егер қызметші жіберілгенге дейін мемлекеттік қызметте болса,Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының жолдамасы бойынша халықаралық ұйымдардағы немесе басқа мемлекеттердегі жұмыс; 
    11) кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі курстарда жұмыстан қол үзіп оқу,сондай-ақ, егер қызметші  оқуға түскенге дейін мемлекеттік қызметте болса және оны бітірген соң  мемлекеттік қызметке қайтып келсе, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жолдамасы бойынша шетелде оқу; 
    12) Қазақстан Республикасының Парламенті депутатының өкілеттігін жүзеге асыру;
    13) осы Ереженің 7 және 16-тармақтарына сәйкес бос әкiмшiлiк лауазыммен  көзделген мiндеттердi уақытша атқаратын адамдардың жұмыс уақыты қосылады. <*>
      Ескерту. 27-тармақ  өзгерді - ҚР Президентінің 2003.04.21. N 1071 жарлығымен.
      Ескерту. 27-тармақ  өзгерді - ҚР Президентінің 2004.03.29. N 1322 жарлығымен. 
    28. Мемлекеттік қызметтегі жұмыс стажы, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес  қызмет өткерген жылдарына саналатын уақыт күн тізбелік санау арқылы есепке алынады. 
    29. Күн тізбелік ай ішінде лауазымдық  жалақысын көтеру құқығы туындаған қызметшілерге стажын ескере отырып  лауазымдық жалақысын есептеу осы құқық туындаған күннен бастап жүзеге асырылады. 
    30. Мемлекеттік қызмет стажын құрамын тиісті  мемлекеттік органның басшысы бекітетін еңбек стажын белгілеу жөніндегі комиссия айқындайды.
      Мемлекеттік қызмет стажын белгілеу жөніндегі комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді. Шешімнен үзінділерекі дана етіп жасалады және бір данасы кадр қызметіне, екіншісі -бухгалтерияға беріледі. 
    31. Мемлекеттік қызмет стажын айқындау үшін еңбек кітапшасы немесе қызмет тізімі негізгі құжат болып табылады. Еңбек кітапшасы, қызмет тізімі болмаған ретте, сондай-аққа  жетті жазба болмаған немесе жұмыс кезеңі туралы қате не дәл емес  жазбалар болған жағдайда, еңбек стажын растауға анықтамалар,бұйрықтардан үзінділер, жеке шоттар мен жалақы беру тізімдері және  жұмыс кезеңдері туралы деректер көрсетілген өзге де құжаттар  қабылданады. Мемлекеттік қызмет стажын куәлардың айғақтарымен растау заңдарда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

8. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің
мемлекеттік қызметті тоқтатуы

    32.Басқару құрылымындағы өзгерістер, лауазымдардың атауларын өзгерту жағдайлары,іс жүзінде саны қысқартылмай және/немесе бұрын қолданылып келген еңбек  шартының талаптары елеулі өзгертілмей мемлекеттік органның штатын қысқарту әкімшілік қызметшінің мемлекеттік қызметті тоқтатуы және  конкурс өткізу үшін негіздер болып табылмайды.
     Мұндай  жағдайда әкімшілік қызметшілер бұрын болған лауазымдағы еңбек шартының талаптарына сәйкес келетін (толық немесе едәуір бөлігінде) жаңа штат бойынша лауазымдарда жұмысын жалғастыра береді.