Функциялар мен құқықтар
Портлет менюі
Комитет функциялары мен құқықтары

Комитет заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды жүзеге асырады:

1)мыналарды: тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз ету; тілдерді дамыту саласындағы бір тұтас мемлекеттік саясат қызметін ақпараттық,әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру; терминология және ономастика комиссияларының қызметін қамтамасыз ету; Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ведомство аралық үйлестіру; тіл туралы заңнаманың талаптарын бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдар беру, тіл туралы заңнаманы бұзуға  кінәлі лауазымды тұлғаларға тәртіптік жазалар шараларын қолдану туралы тиісті органдарға ұсыныстар енгізу жөніндегі тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін функциялар;

2) орталық және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарында Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды бақылау-қадағалау функциялары.

Комитеттің негізгі міндеттері мен  функцияларын іске асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) өз құзіретінің шегінде мемлекеттік органдардан және өзге де  ұйымдардан тілдерді дамыту саласындағы заңнаманың, Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының орындалуы жөнінде ақпарат сұратуға және алуға;

2) Комитеттің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша құқықтық кесімдер шығаруға;

3) Комитеттің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша мәжілістер, семинарлар, конференциялар мен халықаралық симпозиумдар өткізуге;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жаза қолдануға;

5) тілдерді дамыту саласында нормативтік құқықтық кесімдерді әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізуге;

6) жеке және заңды тұлғалар тілдер туралы заңнаманың талаптарын орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және негіздерде сотқа шағымдануға;

7)   ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, тарату мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;

8) мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың өкілдерін тіл саясаты мәселелері бойынша тыңдауға құқығы бар.