Лексический поиск
Портлет менюі
Қазақ тілі корпусын жасау қазақ тілінің лексикасы мен грамматикасын ғылыми зерттеуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ қазақ тілінде жарық көрген ақпарат түрлерін жинау мен оларды өңдеу, жүйелеу мен белгілі параметрлер бойынша талдау бағдарламасын енгізуге арналған. Қазақ тілінің корпусын жасау Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі саналатын қазақ тілінің қазіргі сипатын талдаудың уникалды жүйесін қалыптастырудың негізі бола алады. Корпустың мақсат-міндеттері:

  • Сөздіктер, грамматикалық анықтағыш, оқулықтар мен оқу құралдарын жасау үшін сенімді ақпарат көзі бола алады;
  • Тілі білімі саласындағы ғылыми болжамдарды мейлінше мол мұралар негізінде тексеруге мүмкіндік береді;
  • Қазіргі қазақ әдеби тілінің қолданысына қатысты кейбір мәселелерді анықтауда анықтағыш құрал қызметін атқара алады, яғни сөзбен жұмыс жасайтын барлық тұлғалар үшін (тіл білімі мамандары, әдебиетшілер, тілшілер, жазушылар, аудармашылар, қазақ тілі оқытушылары және т.б.) таптырмас көмекші құрал бола алады.

Қазақ тілі корпусы сан алуан жанрлар, стиль мен аймақтық және әлеуметтік нұсқалар арқылы қазақ тілі дамуының белгілі бір дәуірлік сипатын танытады.