Басты бет    Жоба туралы    Мониторинг объектілері    Нәтижелер    Байланыс    Жүйеге кіру  
 
 
Login
Not registered?   Sign up
 
Басты бет


Тіл ахуалын жаңа заман талабына сай автоматтандырылған жүйемен мониторинг жасау арқылы елдегі барлық сала бойынша тіл мәселесінің қандай деңгейде екеніне талдау жасау мақсатында Қазақстан Республикасында тілдік жағдайға мониторинг пен сараптама жүргізетін автоматтандырылған жүйесін құру және дамыту жобасы қолға алынды. Өткен оқиғаларды сараптап, болашаққа нық жоспар құруда шынайы мониторинг жасаудың маңызы зор.

Қазақстан Республикасында тілдік жағдайға мониторинг пен сараптама жүргізетін автоматтандырылған жүйесі (ары қарай Жүйе) еліміздегі тіл ахуалының жағдайына байланысты ақпараттарды жинау, өңдеу, бағалау, талдау жұмыстарын автоматтандыруға арналған. Облыстар, аудандар және Орталық атқарушы және де өзге мемлекеттік органдар деңгейінде тіл жағдайын сипаттайтын ақпараттарды жинау, талдау жұмыстары автоматтандырылды.

Халқымыздың барлық азаматтары үшін басты мәселе – ұлты, ұлтының тілі, мәдениеті, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, бір сөзбен айтқанда, ұлттық құндылықтары, бұл құндылықтардың дамуы мен өркендеуі келешекте мемлекеттік біртұтастықты күшейтудің басты шарттарының бірі екені даусыз. Зерттеу нәтижесінде алғашқы рет Қазақстан Республикасы территориясында тіл ахуалының мониторингі мен талдауының автоматтандырылған жүйесі және осы жүйеге арналған көрсеткіштер мен индикаторлардың стандарттар жүйесі құрылды.

Тілдік жағдайын жаңа заман талабына сай автоматтандырылған жүйемен мониторинг жасау арқылы елдегі барлық сала бойынша тіл мәселесінің қандай деңгейде екеніне талдау жасау мақсатында Қазақстан Республикасындағы тілдік жағдайға мониторинг және талдау жүргізетін автоматтандырылған жүйеіні іс- тәжірибеге енгізу жобасы қолға алынды. Бұл жүйедегі сараптама стандарттық мониторинг негізінде жасалады.


Жүргізілген жұмыстар.
   Қазақстан Республикасы территориясында тілдік жағдайға мониторинг пен сараптама жүргізетін автоматтандырылған жүйесі құрылды, атап айтсақ клиенттік қосымшаларға қызмет көрсететін Жүйенің Орталық Серверлерінің функционалдары және сервистері облыс, аудан, орталық атқарушы және де өзге мемлекеттік органдар деңгейінде жасалды;
   Облыс, аудан, орталық атқарушы және де өзге мемлекеттік органдар деңгейінде Қазақстан Республикасының тілдік жағдайын бағалауға арналаған көрсеткіштер мен индикаторлар құрылды;
   Облыстар, аудандар, орталық атқарушы және де өзге мемлекеттік органдар деңгейінде Қазақстан Республикасының тілдік жағдайына жүргізілген мониторингтік зерттеулер нәтижесіне негізделіп, талдау жасалды.


Жүйені қолдануды және ендірудегі артықшылықтар:
   Барлық тілдерді дамыту орталықтарын бір ортадан басқару;
   ҚР тілдік жағдайға байланысты ақпараттарды жинауда айқындылық;
   Интегралданған жүйелер арасында мәліметтерді алмастыруда кепілділік;
   Масштабталу; Жүйе қолданушылар санына, сақталатын мәліметтер көлеміне, мәліметтерді алмастыру интенсивтілігіне, сұраныстарды өңдеу жылдамдығына, қызмет көрсету санына, Жүйеге кіруді қамтамасыз ететін әдістерге байланысты масштабталуы;
   Басқа ақпараттық жүйелермен, программалық өніммен интеграциялану мүмкіндігі;
   Аналитикалық, статистикалық есептемелер құру.
 
  © Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті
Астана қаласы, Министрліктер үйі, тел: 8(7172) 74-05-06, 74-05-08